Жаңа Зеландияда 200 дельфин жағалауға шығып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа Зеландияда жұма күні 200-ге тарта қара гринд дельфині Оңтүстік арал жағалауына шығып қалды. Олардың 24-і құтқаруға қанша әрекет жасалғанымен өліп қалды.

Жаңа Зеландияда 200 дельфин жағалауға шығып қалды

Құқық қорғау ведомстволары қызметкерлері мен еріктілер қалғандарын аман алып қалуға тырысуда.

Жаңа Зеландияда мұндай жағдайлар жиі орын алады. Әлі күнге дейін ғалымдар су жануарларының жағалауға шығып кету себептерін анықтай алмай отыр.

Жағалауға шығып қалғандары сусызданудан және күнге күюден зардап шегеді.