Жаңа Зеландияда 7,0 магнитудалы жер сілкінісі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні Жаңа Зеландия жағалауында, Тынық мұхитта магнитудасы 7,0  жер сілкінісі болды. Бұл туралы АҚШ Геологиялық қызметі хабарлады.

Жаңа Зеландияда 7,0 магнитудалы жер сілкінісі болды

Оның дерегі бойынша, жерасты дүмпуінің эпицентрі Л'Эсперанс Рок елсіз аралынан оңтүстік-шығысқа қарай 113 шақырым қашықтықта орналасқан. Зілзала ошағы 134 шақырым тереңдікте жатыр.

Зардап шегушілер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түспеген.