Жаңа Зеландияда 7,1 балдық жойқын жер сілкінісі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа Зеландияның екі ірі аралының бірі - |Солтүстік аралында 7,1 балдық жойқын жер сілкінісі болды. Жергілікті билік цунами қаупіне байланысты бірнеше жағалау ауданындағы тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруді бастап кетті.
Жерасты дүмпуі жергілікті уақыт бойынша жұма күні таңертең тіркелді. АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, жерасты дүмпуінің кіндігі Гисборн қаласынан 170 шақырым жерде, 19 км тереңдікте орналасқан.
Жапа шеккендер мен ғимараттар және елді мекендердің қирағаны туралы мәлімет жоқ.
Жыл сайын Жаңа Зеландияда 15 мыңнан астам жер сілкінісі тіркеледі. Оның тек 150-дейі ғана айтарлықтай қуатты болады.