Жаңа Зеландияда аса қуатты жер сілкінісі болды
АСТАНА. 21 шілде. ҚазАқпарат - Жаңа Зеландияда күші 6,9 балдық жер сілкінісі болды,
деп хабарлады Би-Би-Си.
Жер сілкінісінің кіндігі елдің астанасы Веллингтонның оңтүстік батысына қарай 57 шақырымда болған.
Сейсмологтардың мәліметіне қарағанда зілзала ошағы шамамен 10 шақырым тереңдікте орналасқан.
Зардап шеккендер мен цунами қаупі жайлы мәліметтер түспеген.