Жаңа Зеландияда хостелде 6 адам қаза тапқан өрт қасақана жасалған - полиция

ВЕЛЛИНГТОН. ҚазАқпарат - Жаңа Зеландия полициясы Веллингтондағы хостелде шыққан өртті тергеп жатыр. Оның салдарынан кем дегенде алты адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News-ке сілтеме жасап.

Жаңа Зеландияда хостелде 6 адам қаза тапқан өрт қасақана жасалған - полиция

Ресми дереккөздер хостелдеuі өрттің шығу себебі ретінде қасақана өртеу нұсқасы қаhастырылып жатқанын растады. Оқиғадан кейін 20-дан астам адам әлі табылған жоқ.

Полиция өртенген ғимаратты толық тексермей нақты құрбандар санын айта алмайтынын мәлімдеді. BBC News мәліметінше, сейсенбіде өрт сөндірушілер алты мәйіт тапқан. Олардың айтуынша, полиция қаза тапқандар мен жоғалғандардың жеке-басын айтпай отыр, өйткені олардың кейбірі басқа себеппен із-түзсіз жоғалып кетуі мүмкін.

Өрт дүйсенбіде жергілікті уақыт бойынша түн ортасында Жаңа Зеландия астанасындағы төрт қабатты Loafers Lodge атты хостелде басталған.

Хостел тұрғындары тұтап жатқан ғимараттан қауіпсіз жерге еңбектеп өтуге мәжбүр болды, ал қалғанын өрт сөндірушілер ғимараттың шатырынан құтқарып алды.

Жаңа Зеландия премьер-министрі Крис Хипкинс өртті «абсолютті трагедия» деп, ал өрт сөндірушілер өртті «елорданың ең жаман қорқынышы» деп атады.

Loafers Lodge хостелінде 92 бөлме бар, қонақтарға қысқа және ұзақ мерзімді қызмет көрсетеді.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, хостелде ауысыммен жұмыс істейтін жұмысшылар, медбикелер мен аурухана қызметкерлері, жұмыссыздар мен үйсіз адамдар тұрып жатқан.