Жаңа Зеландияда қой қырқудан жарыс өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа Зеландияда жарыстың жаңа түрі шықты.
Жергілікті шопандар елдің оңтүстігіндегі Инверк-Аргилл қаласында қой қырқудан бүкіләлемдік чемпионат өткізді. Жарысқа әлемнің 31 елінен 300 қатысушы жиналған. Төрт күнге созылатын бәсекеде 4 жарым мың қойды қырқу жоспарлануда. Қырқымға келгендердің өнері қайшымен қырқу, аппаратпен қырқу, жылдамдық, жүн тазалығы мен сапасы бойынша бағаланбақ. Әзірге сайыстың фавориті ретінде жергілікті шопандар аталуда.
Айта кетейік, бүкіләлемдік қой қырқу чемпионаты биыл бірінші рет ұйымдастырылған. Келесі жарысты ұйымдастыру мәртебесін Франция жеңіп алыпты. Ол 2019 жылы өтеді.
«Бізде 10-15 мың бас уақ мал бар. Бірақ оларды уақытылы қырқудан жалыққан емеспіз. Қазір қойды дұрыс қырқуға үйрететін курстар аштық», - деді Жапониядан келген шопан Шун Оиши.
Дереккөз: «Хабар 24» телеарнасы