Жаңа Зеландияда қуатты жер сілкінісі болды
АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат - Жаңа Зеландияның солтүстік жағалауында қуатты жер сілкінісі болды.
АҚШ геологиялық қызметінің бағалауынша, оның магнитудасы 6,3 құрады. Зілзала кіндігі ел астанасы Веллингтонның солтүстігінен 115 шақырым жерде орналасты. Ошағы 27 шақырым тереңдікте болған.
Жаңа Зеландия Тынық мұхитының сейсмикалық және белсенділігі жоғары жанартауы бар аймағында орналасқан. Бұл аумаққа Жапония мен Солтүстік және Оңтүстік Американың батыс жағалауы кіреді.