Жаңа Зеландияда өлі қояндарды лақтыруға тыйым салынды
АСТАНА. Қазанның 24-і. ҚазАқпарат - Жаңа Зеландиядағы қалашықтардың бірінде жыл сайын өтетін өлі қояндар лақтырылатын балалар конкурсына жануарларды қорғаушылардың шағымына байланысты 2009 жылдан бастап тыйым салынды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента. Ру сайтына сілтеме жасап.
Іс-шара қабандарды аулау маусымының ашылатын күні дәстүрлі түрде өтіп келген еді. Оның барысында балалар өлі қояндарды алысқа лақтырудан жарысатын.
Корольдік жануарларды қорғау қоғамы өкілінің пікірінше, мұндай конкурстар балаларды өлі жануарларды лақтыру көңілді, осылайша өлтіру оларды ойын-сауық деген ойға жетелейтін көрінеді.