Жаңа Зеландияда палеонтологтар жүгіріп жүретін алып жарқанаттың қаңқасын тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа Зеландияда қазба жұмыстарын жүргізу кезінде Мануерикия өзенінің түбінен ғалымдар ең үлкен жарқанаттың қаңқасын тапты.

Жаңа Зеландияда палеонтологтар  жүгіріп жүретін алып жарқанаттың қаңқасын тапты

Бұдан бұрын Mystacina miocenalis-тің бұл түрі белгісіз болған. Ғалымдардың айтуынша, олар жерде төрт аяғымен жүгіріп жүрген. Олар он алты миллион жыл бұрын тіршілік еткен. Палеонтологтар жарқанаттың бұл түрін Жаңа Зеландиядағы қалың ормандарда әлі күнге дейін тірішілік ететін қанатты тұқымдастардың түріне жатқызуда. Алайда олар үш есеге үлкен болған.

Қазіргі жарқанаттар тамағын ағаш бұтақтарынан, жерден іздейді. Олар да қанаттарына сүйеніп жүгіріп жүреді.

Ғалымдар бұлардың неліктен ұшпайтыны жайлы болжам жасады. Сірә, жарқанаттар мекен ететін жерде жыртқыштар болмаған соң, ұшуға деген қажеттілік жоғалған болу керек. Олардың денесі ерекші ірі келеді, деп хабарайды planet-today.ru.