10:23, 21 Қараша 2015 | GMT +5
Жаңа Зеландияда тікұшақ құлап, жеті адам ажал құшты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Полиция Жаңа Зеландиядағы Фокс мұздығында апатқа ұшыраған тікұшақтың ішінде болған алты жолаушы мен ұшқыштың қаза тапқанын растады, деп хабарлайды РИА Новости.

Билік көздері оқиғаны тергеп, опат болғандардың туыстарымен байланысқа шығуға әрекеттеніп отыр.
Құтқару қызметтері апат туралы хабарламаны сенбі күні таңертең алды. Оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз болып отыр.