Жаңа Зеландияда ұшақтағы бомба туралы хабар жұртты әбіргерге салды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жаңа Зеландия полициясы Австралияның Куинстаун әуежайынан келген ұшақ бортындағы бомба туралы хабарламаны тексеруде, деп жазады РИА Новости.
Полицияның хабарлауынша, әуе кемесі жерге қонып, жолаушылар салоннан шыққан соң, борт ішін тазалаушы жарылғыш зат туралы хат тауып алған.
Полиция өкілі әуежай аумағының қоршалуы туралы нақты ақпарат бере алған жоқ.
Дау тудырған ұшақ аустралиялық Qantas әуе компаниясына тиесілі.