Жаңа Зеландияда жолбарыс зообақ қызметкерін талап өлтірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа Зеландияда жолбарыс зообақ қызметкерін талап өлтірді.
Әзірге Оз деп ат қойылған суматран жолбарысының тордан қалайша шығып кеткені және оның осы қайғылы оқиғадан кейін өлтірілгені не тірі қалдырылғаны белгісіз болып отыр.
Зообақтың директоры Стивен Стэндлидің айтуынша, тергеу жұмыстары жүріп жатқандықтан болған оқиға жайлы егжей-тегжейлі айта алмайды.
«Хамилтон» зообағында 5 Суматран жолбарысы бар. Жыртқыштың бұл түрі өте сирек кездеседі. Бүгінгі таңда табиғатта 500-і ғана қалған.
Тергеу біткенше зообақ жабылды.