Жаңа Зеландияда жүк көлігі мектеп автобусына соғысты: 36 адам зардап шекті

АСТАНА. 5 қыркүйек. ҚазАқпарат - Жаңа Зеландияның Солтүстік аралында жүк көлігі мектеп автобусына соғысты,

Жаңа Зеландияда жүк көлігі мектеп автобусына соғысты: 36 адам зардап шекті

деп хабарлады Росбалт.

Жергілікті полицияның хабарлауынша, деп хабарлады Қытайдың халықаралық радиосы, апат жергілікті уақыт бойынша 15.30 сағатта орын алды. Ағаш бөренелер артқан жүк көлігі алдында келе жатқан мектеп автобусына соғылды. Жүк көлігінің жүргізушісі ауыр жарақаттар алды.

Автобус ішінде екі орта мектеп пен бір бастауыш мектептің оқушылары болды. Жол-көлік апаты садарынан 36 адам зардап шекті. Барлық жарақат алғандар санитарлық көліктермен және тікұшақпен ауруханаларға жеткізілді. Бес оқушының жағдайы мүшкіл. Апаттың жай-жапсары анықталуда.

Еске сала кетсек, биылғы жылдың маусымында Баварияның Жоғарғы Пфальц округында трактор мен мектеп автобусы соғылысты. Жергілікті полицияның хабарлауынша, трактор жүргізушісі келе жатқан автобусты байқамай қалған.

Апат кезінде ауылшаруашылық машинасының алдында көң жинайтын аша болып, ол автобусты толықтай тесіп өткен.

Апат салдарынан төрт бала жарақат алды.