Жаңа Зеландиядағы жер сілкінісі үш сиырды «аралда» қалдырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа Зеландиядағы жер сілкінісінен кейін екі сиыр мен бір бұзау өзге жерлердің бәрінің топырағы опырылған, тек киіз үйдің аумағындай ғана «аралда» қалып қойған.
Бұл туралы видео YouTube-те жарияланды.
Жануарлар жер сілкінісінің ошағы маңында, Каикоура қаласына таяу жерде жайылып жүрген. Сиырлардың бұдан кейінгі тағдыры туралы хабарланбай отыр.
Жер сілкінісі 13 қарашада елдің Оңтүстік аралындағы Крайстчерч қаласынан 95 шақырым жерде орын алды. Зілзаланың магнитудасы 7,8 балды құрады. Ошағы он шақырым тереңдікте болған.