Жаңа Зеландиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 123 адамға жетті

АСТАНА. 26 ақпан. ҚазАқпарат - Жаңа Зеландиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 123 адамға жетті. Полиция өкілдері хабарлағандай, қаза тапқан адамдар үйінділерді аршу кезінде анықталды,

Жаңа Зеландиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 123 адамға жетті

деп хабарлайды Associated Press-ке сілтеме жасаған РосБизнесКонсалтинг.

Дегенмен жаңа жер асты дүмпулері іздестіру жұмыстарына тосқауыл жасап отыр. Қазірдің өзінде 200 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Күн өткен сайын олардың тірі қалуы неғайбыл болып барады.

Осыған дейін 113 адам қаза тапқаны жайлы айтылған еді.