10:41, 01 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Жаңа Зеландияның билігі жаңа тудың 4 эскизін таныстырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа Зеландияның үкіметі референдумда қойылатын елдің жаңа ұлттық туының төрт эскизін ұсынды. Төрт суреттің үшеуінде бірнеше жаңазеландиялық спорттық командалар қолданып жүрген күміс қырыққұлақтың бейнесі бар.

Биылғы жылдың соңында төрт нобай жаңа туды таңдау референдумында ұсынылады.
2016 жылы өтетін екінші референдумда жаңа тудың жеңіске жеткен дизайны мен Жаңа Зеландияның бұрышында британдық «Юнион Джек» бар қазіргі туы ұсынылады.
Байқаушылардың атап өтуінше, көптеген жаңазеландиялықтар туды ауыстыруды қалап отыр, алайда бұл ретте тек аздаған бөлігі ғана елдің республикаға айналуын тілейді. Қазіргі кезде ол британдық ханшайым басқарып отырған конституциялық монархия болып табылады.