07:45, 05 Сәуір 2016 | GMT +5
Жаңа Зеландияның экс-премьері БҰҰ-ның Бас хатшылығынан үмітті
АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ Даму бағдарламасының басшысы Хелен Кларк ұйымның Бас хатшысының орынтағына үміткерлердің қатаранына қосылды, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.

Кларк - БҰҰ қызметкерлері арасында ең жоғары тұрған әйел. Жеңіске жеткен жағдайда, ол тарихта бас хатшы лауазымындағы алғашқы әйел атанады.
«Өз кандидатурамды ұсынамын. Себебі, өз елімде де, БҰҰ-да да басшылық лауазымда 30 жылға жуық тәжірибем бар», - деп түсіндірді өз шешімін Кларк Ассошиэйтед пресс-ке берген сұбатында.
БҰҰ-да жұмыс бастағанға дейін Кларк тоғыз жыл Жаңа Зеландия премьер-министрі болған.
БҰҰ Бас хатшысының қазіргі хатшысы Пан Ги Мунның сегізжылдық мерзімі 2016 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады. Жарияланған сегіз үміткердің ішінде төртеуі әйел.