Жаңа зерттеулер сыраның сүйекті қатайтатынын көрсетті
АСТАНА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат - Ғалымдардың жаңа зерттеулері ағылшындар сүйсініп ішетін ішімдіктің - сыраның - дәмі жағымды болуымен қатар, қыруар пайдалы жақтарының бар екенін көрсетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
Атап айтқанда, зерттеушілер сыралардың кейбір сұрыптары диеталық кремний көздеріне бай болып табылады және остеопороз ауруының алдын алады деген қорытындыға келді.
Көбікті сусындағы кремнийлердің жартысын адам ағзасы еш қиындықсыз сіңіре алатыны аталды.