Жаңа және екінші деңгейдегі тұрғын үйлер бағасы тұрақты
Наурыз айымен салыстырғанда, жаңа үй сату бағасы 0,4 пайызға артқан. Жаңа тұрғын үйге бағаның өсу қарқыны өткен ай деңгейінде сақталды.
Бұл ретте 2017 жылғы қаңтар-наурызда көп пәтерлі үйлерде тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құрылысына орташа нақты шығындар 123 000 теңгені құрады.
2017 жылғы сәуірде абаттандырылған үй бағасы өзгерген жоқ, шаршы метрі 188 233 теңгені құрады. Жыл басынан бастап 0,2 пайызға төмендеді.
Сәуірде абаттандырылмаған тұрғын үйлерді қайта сату бағасы 2017 жылғы наурызбен салыстырғанда, өзгермеді және шаршы метріне 1156 251 теңгені құрады. Жыл басынан бастап 0,1 пайызға төмендеді.
Сәуірде абаттандырылған тұрғын үй үшін жалға алу құны наурызбен салыстырғанда, 0,2 пайызға, шаршы метріне 1290 теңгеге төмендеді. Жыл басынан бастап жалға алу төлемі 0,8 пайызға өсті.