Жаңа жыл мерекесінде жол апатынан 15 қазақстандық қайтыс болды

 Жаңа жыл мерекесінде жол апатынан 15 қазақстандық қайтыс болды
Фото: Kazinform

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2023 жылдың 30 желтоқсаны мен 2024 жылдың 2 қаңтары аралығында жол-көлік оқиғасынан қанша адам зардап шеккенін айтты, деп хабарлайды Kazinform. 

Министрлік хабарлағандай, 30 желтоқсан - 2 қаңтар күндері 21 жол-көлік оқиғасы тіркелген және 125 адам зардап шеккен. Сонымен бірге, 10 ересек және 5 бала қаза тапқан.

Әсіресе еліміздің 6 өңірінде жол апаты жиі байқалған. Қостанай облысының дәрігерлері трассадағы апат бойынша 6 шақыруға барып, 4 адамды стацонарға жеткізген және 2 адамды оқиға орнында қараған. Қарағанды облысында – 4 шақыру тіркеліп, 5 адам зардап шеккен; Ақмола облысында – трассадағы апат бойынша 3 шақыру түскен және 3 адам зардап шеккен.

Солтүстік Қазақстан облысында – 3 жол апаты тіркеліп, 7 адам зардап шеккен, 1 бала қаза тапқан. Шығыс Қазақстан облысында – 1 шақырту түскен, 8 адам зардап шеккен, 4 бала қайтыс болған. Павлодар облысында – 1 шақырту, зардап шеккен 3 адам тіркелген.

Соңғы жаңалықтар