Жаңа жыл түнінде елордада 10 қылмыстың «ізі суымай» ашылды

АСТАНА. KAZINFORM - Астана полициясы жаңа жыл түнінде болған оқиғалар туралы мәліметтерін жариялады.

Ақтөбе полициясының жедел басқару орталығы
Фото: Ақорда

Polisia.kz сайтының хабарлауынша, полиция түнде қала бойынша қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етті. Тәулік ішінде 16 қылмыс тіркеліп, оның 10-ы «ізін суытпай» ашты.

Елорда жолдарында 91 жол-көлік оқиғасы тіркелді, зардап шеккендер болған жоқ. Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін қыстың қолайсыз ауа райы жағдайында қатаң сақтаудың маңыздылығын ескертеді.

Күшейтілген патрульдеу құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік беріп, мерекелік көңіл-күйді сақтауға ықпал етті.

Осыған дейін мереке күндері Астанада қоғамдық көліктер қалай қатынайтынын хабарладық.