Жаңа жылға орай көлігін безендірген алматылық жүргізушілер айыппұл төледі
Алматыда безендірілген көлік иелеріне айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторинг барысында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған Mercedes және BMW көлігінің жүргізушілері көзге түсті.
Олар темір тұлпарын безендіріп, ҚР ӘҚБтК 590-бабы 7-бөлігін бұзған.
Сондай-ақ олардың әрекетінен ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы 1-бөлігінің талаптарын бұзу белгілері де анықталды.
Жергілікті полиция қызметкерлері көлік иелерін анықтап, жауапкершілікке тартты.