Жаңа жоба қылмыстық-атқару заңнамасын одан әрі жетілдіруге бағытталған

Кодекс жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспарының 29-тармағына сәйкес әзірленген.
Жоба сотталған адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы деңгейін және қылмыстық жазалауды орындаудың тиімділігін барынша арттыру мақсатында қылмыстық-атқару заңнамасын одан әрі жетілдіруге бағытталған.
Қылмыстық-атқару кодексінің жобасын қабылдау қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес қылмыстық құқықтық шараларды анағұрлым кеңінен пайдалану, сотталған адамдарды және жазаны өткеруден босатылған адамдарды әлеуметтік оңалту және бейімдеу, пенитенциарлық және постпенитенциарлық қайталанған қылмыстардың деңгейін төмендетуге жағдай жасайды. Сондай-ақ сотталған адамдармен жүргізілетін тәрбиелік үдеріске жұртшылықтың қатысу тетігін қалыптастырады.
Жоба бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы, ғылыми, экономикалық және лингвистикалық сараптамалар жүргізілген.