Жаңа жобада тұрғын үйді жекешелендіруге қатысты шектеулер ұсынылып отыр - Н. Тихонюк

АСТАНА. Қыркүйектің 16-cы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Жаңа жобада тұрғын үйді жекешелендіруге қатысты шектеулер ұсынылып отыр.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары Николай Тихонюк мәлім етті.

«Заң жобасы бойынша баспананы өтеусіз жекешелендіруге құқы бар азаматтар санаты нақтыланады. Негізінен бұндай құқық бұрын да болған және 1992 жылғы Министрлер кабинетінің қаулысымен бекітілген еді. Сондықтан да, біз бұл құқықтарды жүйелендіре түсеміз», - деді Агенттігі төрағасының орынбасары Николай Тихонюк.

Оның айтуынша, мемлекеттік органдардың ұсынысына сәйкес, заң жобасында тұрғын үйді жекешелендіруге шектеу қоюлар де көзделген. Атап айтқанда, белгіленген санитарлық және техникалық талаптарға жауап бермейтін, әскери қалашықтардың, шекара заставаларының және өзге де жабық нысандар аумағында орналасқан, ерекше табиғи аумақтарда орналасқан тұрғын үйлер жекешелендіруге жатпайды.

«Қолданыстағы нормаға сәйкес, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар тұрғын үй қорынан баспана алу құқына ие. Біз өткен жылы бұндай балалардың жасын 18-ден 23-ке дейін ұзартқан едік. Шындығында, бұл норма әлі де әрекетсіз қалып отыр. Енді әкімдіктер тарапынан осы мерзімді ұзарту туралы ұсыныстар түсті. Яғни, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар тұрғын үй қорынан баспана алғанша есептен шығарылмайды. Біз осы норманы ұсынып отырмыз», деді Н. Тихонюк.

Соңғы жаңалықтар