Жаңа жобалар Қостанай облысында металлургия, энергетика және ауыл шаруашылығы салаларын қамтиды

АНА. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат - Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагин Мемлекет басшысына аймақта іске асырылып жатқан төрт жаңа жобаны ұсынды,

Жаңа жобалар Қостанай облысында металлургия, энергетика және ауыл шаруашылығы салаларын қамтиды

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 14 облыстың және Алматы қаласының тікелей  қосылуымен өткен «Жаңа индустрияландыру - барлығы үшін жаңа мүмкіндік» жалпыұлттық телекөпірі барысында бүгін оның таныстырылымы болды.

Бірінші жоба - құны 5,4 млрд. теңге болатын «Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ металл прокат зауытының құрылысы. Өндірістің қуаттылығы - жылына 50 мың тонна металл прокаты. Кәсіпорынды іске қосу 650 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Екінші жоба - құны 8,2  млрд. теңге болатын «Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ жылу электр стансысын кеңейту. Қуаттылығы 63 МВт қосымша блок орната отырып жылу электр стансысының қуаттылығын 267 МВт дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Үшіншісі - сүт өңдеу зауыты құрылысы. Құны - 1,3 млрд. теңге. Қуаттылығы - тәулігіне 150 тонна. Жұмыс орнының саны - 60. 2010 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Төртіншісі - рапс майын өндіру зауыты. Жобаның құны - 1,6 млрд. теңге. Қуаттылығы - жылына 36 мың тонна. Зауыт 2008 жылы іске қосылған, 58 жұмыс орны құрылды.