Жаңа «Жұлдызды соғыстар» фильмі кассалық рекорд жағынан «Аватар» фильмінен асып кетуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жұлдызды соғыс: Күштің оянуы» аңыз желісіндегі фантастикалық киноның жалғасы рождествода 49,3 млн доллар жинап, Құрама Штаттарда кассалық жиын рекордын жаңартты.
None
None

Бұл кинематограф тарихындағы мерекелік күндегі ең жоғарғы көрсеткіш. Бұрынғы «рождестволық» рекорд кіші Роберть Даунидің қатысуымен Гай Ричидің «Шерлок Холмс» фильміне тиесілі болған. 2009 жылғы 25 желтоқсанда бұл картина 24,6 млн доллар жинады. «Жұлдызды соғыстар» жетінші бөлімі кассалық жиынның жалпы сомасы бойынша да сенімді көш бастауды жалғастыруда. Бір апта бұрын бірқатар елдерде премьерасы өткен фильм әлем бойынша 900 млн доллар жинаған, осы демалыс күндері 1 млрд доллар межесін еңсермек. Бүгінгі таңда ең нәтижелі коммерциялық фильмге Джеймс Кэмеронның «Аватар» (премьерасы өткен 2009 жылдан бастап ол 2,79 млрд доллар жинаған) және «Титаник» (1997 жылдан бастап, ол 2,19 млрд доллар жинаған) жатады. Кино саласының сарапшылары «Жұлдызды соғыстар» фильмінің бір аптадағы қарқынына қарап, оның Кэмеронның фильмінен асып түсетініне күмән келтірмейді.

Соңғы жаңалықтар