Жаңа жыл: Франция елшісі ел тұрғындарын қазақ тілінде құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартинэ мырза қазақстандықтарды келе жатқан жаңа жылмен мемлекеттік тілде құттықтады.
None
None

«Құрметті қазақстандық достар! Мен сіздерді шын жүректен келе жатқан 2018 жылмен құттықтаймын. Баршаңызға зор денсаулық, ашық аспан және мол бақыт тілеймін. Достығымыз мәңгі босын. Сіздерді жаңа 2018 жылда Францияға сапар шегуге шақырамын» делінген видео құттықтауда.

Сондай-ақ, елші роликтің соңында орыс және француз тілдерінде құттықтау жолдады. 

Соңғы жаңалықтар