Жаңа жыл «Хабар» арнасымен бірге! (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Хабар» Жаңа жылдық мерекеге орай барлық жастағы көрерменге ұнайтын бірнеше ойын-сауық жобасын дайындады. Олардың ішінде мюзикл, фильм-концерт, ерекше спорт премиясы және көрермендерге ұнап қалған бағдарламалардың жаңа жылдық шығарылымдары да бар, деп хабарлады телеарнаның баспасөз қызметі.
None
None

31 желтоқсанда сағат 1 9.00 -де «Сыйлық» («Подарок») музыкалық фильмінің көрсетілімі болады . Сюжет жаңа жылдық кештің қарсаңында астаналық дәмханалардың бірінде өрбиді. Кейіпкерлер - мекеменің қызметкерлері: менменсіген қожайын, өзін бәрінен әдемі санайтын әкімші қыз, білгіш бармен, күйгелек аспаз, кірпияз даяшы, ойрандаушы күзетші, кішіпейіл аула сыпырушы және сүйіктісі жаңа жылды бірге қарсы алудан бас тартқан қайғылы клиент. Кейіпкерлердің детективті тарихына олардың өздері орындаған музыкалық нөмірлер қосылады. Жобаның режиссерлері - Алмас Саткенов және Ғалымжан Баязитов. Фильмде кеткелі тұрған жылдың танымал актерлер, шоу-бизнес жұлдыздары және «Хабар» агенттігінің қызметкерлері орындайтын басты хиттері пайдаланылды.

30 желтоқсан д а сағат 21.30 -да «Хабар» телеарнасы эфирден көрермендер үшін ерекше спорт қаһармандарын марапаттау салтанатын көрсетеді. Ұлттық Олимпиада комитетінің Спорт премиясы-2015 телевизиялық нұсқасы екі сағатқа созылады, екі сағат ішінде спорт жұлдыздары өздерінің еңбек сіңірген сыйлықтарын алады. Іс-шараның бірегейлігі - көрермендерге іс-шараның сыртында болып жатқан нәрсенің барлығы көрсетілетіндігінде. Осы кеште мүсіншелер «жыл серпіні», «жыл командасы», «жыл спортшысы», «жыл спорт клубы», «жыл федерациясы» аталымдары арасында үлестірілетін болады.

Тура 12.00-де Президенттің жаңа жылдық құттықтауынан кейін арнайы «Хабар» телеарнасы үшін Sky Productions продюсерлік компаниясы дайындаған «Тұмарым» («Пазлы счастья») фильм-концерттің көрсетілімі жоспарланған. Фильм түрлі оқиғалардан құралған: егде жастағы ата-анасы мен кәсіби өсу арасында таңдау жасауы тиіс жас мансапқұмар Нияз туралы, өз қарым-қатынастары үшін күресуі қажет 17 жасар ғашықтар туралы, өз балаларына көңіл аудармай жүргендігін түсінбейтін нәтижелі кәсіпкер Сұлтан туралы, 31 желтоқсан күні өз баласынан бас тартуға бел буған жас қыз туралы, досы сатып кеткен бозбала және оның қиын-қыстау кезде сол досына көмекке келуі туралы және тағы басқалар. Рөлдерде: Динара Бақтыбаева, Тәуекел Мүсілім, Жанна Орынбасарова, Нұрлан Әлімжанов, Әсел Акбарова, Сырым Қашқабаев, Аяулым Ерғазы, Шер Әли, Қымбат Хангелдина, Ақберген Жұмабаев, Кәмшат Қоскелова және басқалары. Фильмнің музыкалық бөлігінде Роза Рымбаева, Әли Оқапов, Бүркіт, Дильназ Ахмадиева, Мақпал Исабекова, Жанар Доғалова, «Орда» тобы сияқты қазақстандық эстрада жұлдыздары, сондай-ақ «Хабар» телеарнасының белгілі жүргізушілері қатысады. Жобаға Виктор Елисеев продюсерлік етеді.

Сондай-ақ, көрермендер «Бенефис Шоу», «Қызық Times» және «Ду-думан» бағдарламаларының арнайы шығарылымдарын, Роза Рымбаеваның және Қайрат Нұртастың концерттерін, сонымен қоса әлемдік кинохиттерді тамашалай алады. Телебағдарламаны бағдарламалар шыққан кейін www.khabar.kz сайтынан табуға болады.

Жаңа жылдық бағдарламалар топтамасы «Хабар» агенттігінің 20 жылдық мерейтойының атаулы қорытындысы. Мерейтойды мерекелеу аясында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттерімен кездесу сияқты салттанатты іс-шаралар, Астана қаласында ағаш саяжолы ашылды, БАҚ арасында мини-футбол турнирі және мерекелік концерт өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар