Жаңа жыл қарсаңында Астана базарларында көкөніс арзан бағаға сатылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Астана қаласындағы екі бөлшек сауда орындарында тұрақтандыру қорының көкөністерін арзан бағаға сатып алуға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтынаа сілтеме жасап.
None
None

Әкімдіктің мәліметінше, қазіргі уақытта азық-түлік тұрақтандыру қорында шамамен 1,3 мың тонна өнім бар. Аталмыш қорға Мемлекет басшысының Өңіраралық кооперацияны дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Павлодар облысының өндірушілері 2 мың тонна көкөніс өнімдерін жеткізген.
Өткен аптада елордаға ауыл шаруашылық өнімдері бар алғашқы керуен жөнелтілген. Елордаға 40 тонна сәбіз бен картоп жеткізілді. Қазіргі уақытта өнімдер екі бөлшек сауда орындарында - «Шапағат» және «Үлкен Шанхай» базарларында сатылады.
«Сауда орындары тегін ұсынылады. Қала нарығын толық қамту үшін өнімді базарлар және дүкендер желілеріне жеткізуді де қарастырамыз. Жаңа жыл алдындағы бағаны реттеу үшін қияр мен қызанақтар коммуналдық базарда сатылады. Қияр мен қызанақты «Шапағат» базарынан 10% үстемемен сатып алуға болады», - делінген хабарламада.
Комиссия картоптың бөлшек бағасын келісіне 60 теңге және сәбіздің келісін 55 теңгеге бекітті. Сондай-ақ, қант тұрақтандыру қорының бағасы төмендейді, көтерме сауда бағасы - 215 тг/кг, бөлшек сауда - 230 тг/кг.

Соңғы жаңалықтар