10:35, 23 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Жаңа жыл қарсаңында Астанадағы пәтер жалдау ақысы қымбаттады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа жыл қарсаңында Астанада көпбөлмелі пәтерлердің жалдау құны өсіп жатыр, деп хабарлайды kn.kz.

Мамандардың хабарлауынша, жалдайтын пәтердің шаршы метрінің орташа құны 2399 тг/ш.м (аптасына +3,49% ), ал пәтердің орташа жалдау құны айына 199 мың теңгені (+12,87%) құраған.
«Қымбат» пәтер сегментінде Астанада жалға берілетін пәтерлерді айына шамамен 350 мың теңгеге ұсынуда. «Арзан» пәтерлер үшін бір айға 113 000 теңге сұрап жатыр.
Осылайша, бір бөлмелі пәтерлер құны айына 94 000 тг (+0,31%), екі бөлмелі 133 000 тг (-5,95%), үш бөлмелі 245 000 тг (+9,27%), және төрт бөлмелі пәтерлер 515 000 (+9,8%) теңгеге бағаланды.