Жаңа жыл қарсаңында Таразда 70 пәтерлі екі үй пайдалануға берілді

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. 4 қаңтар. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жаңа жыл қарсаңында Тараз қаласындағы «Бәйтерек» шағынауданында соғыс және еңбек ардагерлері, мүгедектер мен көп балалы отбасыларға арналған 70 пәтерлі екі үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды аймақ басшысының баспасөз қызметі.

Жаңа жыл қарсаңында Таразда 70 пәтерлі екі үй пайдалануға берілді

Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев жаңа қонысқа ие болған бес адамға пәтер кілттерін табыс етіп, оларды мерекелерімен құттықтады және жаңа жылда жақсылық тіледі.

Құны 275,7 млн. теңге болатын 70 пәтерлі екі үйдің құрылысын мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Жамбыл­химқұрылыс­инжини­ринг» ЖШС жүргізген.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі таңда Тараз қаласында үй алу үшін 3 281 адам кезекте тұр.