Жаңа жыл қарсаңында темір жол билетін интернет арқылы сатып алсаңыз, жеткізу қызметі - тегін
АСТАНА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат. 2010 жылғы 25-31 желтоқсан аралығында «Жолаушылар тасымалы» АҚ жаңажылдық акция жариялады. Темір жол билетіне интернет арқылы тапсырыс берген клиенттерге билеттерді апарып беру қызметі тегін жүзеге асырылады,
деп хабарлайды Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі. Билеттерді www.railways.kz , www.temirzholy.kz , www.pcentre.kz сайттары арқылы сатып алуға болады. Жеткізу қызметінің байланыс телефондары: Астанада - (7172) 94-22-12; 94-31-46, Алматыда - (727) 296-11-36.
Естеріңізге сала кетейік, «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2010 жылғы 20 шілдеде интернет арқылы темір жол билетін сатып алған жолаушыларға билеттерді апарып беру ақылы қызметін енгізген болатын.
Темір жол билеттерін курьер қала ішіндегі тұрғын үйлерге, кеңселер мен қонақ үйлерге жеткізеді. Жаңа қызмет түрі жұмыс күндерінде жүзеге асырылады.
Интернет арқылы билеттерге тәулік бойы тапсырыс беруге болады, ал олар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 11.00-ден 19.00-ге дейін жеткізіледі.
Қолма-қол апарып беру қызметіне тапсырыс күнделікті сағат 9.00-дан 21.00-ге дейін кем дегенде бір тәулік бұрын берілуі тиіс. Билеттер пойыз кетерге кемінде 6 сағат қалғанда жеткізіледі.
Жолаушы түбіртекте көрсетілген соманы қолма-қол төлегеннен кейін, курьер билетті оның қолын қойдыртып тапсырады.