00:32, 01 Қаңтар 2016 | GMT +5
Жаңа жыл кешінде ерекше сыйлыққа ие болған төбет ғаламтор жұлдызына айналды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа жыл кешінде тек адамдар ғана емес, үй жануарлары да сыйлық алуға құқылы. Бұндай пікірді 30 жастағы Ұлыбритания тұрғыны Ньюэлл Парсон айтады.

Ғаламторда ерекше бір бейнежазба пайда болды. Онда Ньюэллдің төбеті ерекше бір сыйлық алғаны бейнеленген. Алтын түстес қағазға оралған сыйлықтың ішінен иттің иесі шыға келеді. Төбеттің бұл қуанышын ғаламтор қолданушылары белсенді тамашалауда. Айта кетейік, видеоның жарияланғанына екі сағат болмай жатып, 6 миллионнан астам адам тамашалап үлгерген.