Жаңа жыл кешінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 1090 инспекторлық құрам жасақталған - ТЖК

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа 2016 жылды қарсы алу кешінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Төтенше жағдайлар комитеті 1090 инспекторлық құрамды жасақтаған.

Жаңа жыл кешінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 1090 инспекторлық құрам жасақталған - ТЖК

Бұл туралы бүгін жаңа жылдық шараларды өткізген кезде өртке қарсы қауіпсіздік қағидаларын және пиротехникалық бұйымдарды пайдалану қағидаларын сақтау тақырыбында өткен брифинг барысында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті.

«Жаңа жыл мерекесі - адамдардың іс-шараларға көп баратын кезеңі. Өрт статистикасы да осы жаңа жыл кезеңінде арта түседі. Жаңа жылдық мереке өтетін әкімшілік нысандарға ерекше жауапкершілік жүктеледі. Ұйым басшылары адамдар жаппай жиналатын іс-шараларды ұйымдастыру кезінде бірқатар шарттарды орындауы тиіс. Ол шарттардың барлығы да біздің сайтта бар. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет инспекторлары адамдар көп баратын жаңа жылдық іс-шаралар өткізілуі мүмкін жерлерде қызметкерлер құрамы үшін өрт қауіпсіздік қағидалары туралы нұсқаулар жүргізіп келеді»,-дейді Р.Иманқұлов.

Ресми өкіл хабарлағандай, Қазақстан бойынша Жаңа жыл кешінде өрт қауіпсіздігін 1090 инспекторлық құрам қадағалайды.

«Анықтама үшін айтып өтейін, облыстардың және Астана, Алматы қалаларының төтенше жағдайлар департаменті Жаңа 2016 жылдық іс-шараларды өткізу кезінде 1090 инспекторлық құрамды жұмылдырды»,-деп атап өтті Р.Иманқұлов.