Жаңа жыл кезінде жарты миллионнан астам жолаушы теміржол арқылы тасымалданды - ҚТЖ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың қаңтарынан бастап ауа райының күрт нашарлауына, яғни көктайғақ пен бұрқасын желге байланысты бірнеше жоларналарда қозғалыс тоқтады. «Астана-Көкшетау», «Астана-Қарағанды» жоларналары жабылды. Қар тұтқынында жүздеген адам қалды, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Жаңа жыл кезінде жарты миллионнан астам жолаушы теміржол арқылы тасымалданды - ҚТЖ

Ауа райының экстремальды жағдайында адамдарды жеткізуді пойыздар қамтамасыз етті. Электропойызға деген сұраныс өсті. Жолаушылардың арасында балалар, әйелдер, сонымен қатар қарт адамдардың саны аз болмады.

Еселеп жауған қар мен қатты желге қарамастан, теміржол қызметі бірқалыпты жұмыс істеді. Биылғы жылдың 4 қаңтарында «Көкшетау-Ерейментау» электропойызымен 300-ден астам, оның 82-сі - Көкшетау, 91-і - Бурабай, 52-сі - Макинка, 24-і - Ақкөл, 61-і - басқа да станциялардан жеткізілді. «Қарағанды-Астана» бағытымен жүздеген адам жеткізілді.

Мереке қарсаңында және мереке күндері жарты миллионнан астам адам, оның 100 мыңы Астанадан, тасымалданды.

Пойыздардың толассыз қозғалысын қамтамасыз ету үшін қосымша 6 пойыз қосылып, 500-ден астам жолаушы пойыздарға қосымша вагондар тіркелді. Қазіргі уақытта тек қана солтүстік аймақта 1 тәулікте 70-80 қосымша вагондар пойыздарға тіркеліп жатыр. 

2016 жыл ішінде теміржол көлігімен 20 млн. жолаушы тасымалданды.