13:28, 30 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Жаңа жыл мерекесі күндері Алматы қаласы полиция қызметі күшейтілген режімде жұмыс істейтін болады
АЛМАТЫ. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Жаңа жыл мерекесі күндері Алматы қаласы полиция қызметі күшейтілген режімге көшетін болады.
Бұл туралы Алматы қаласының ІІД-нің баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әзірбек мәлім етті.
Оның айтуынша, мереке күндері полиция әсіресе, адамдар көп шоғырланатын алаңдар, саябақтар, клубтар мен скверлер сынды қоғамдық орындарға баса назар аударатын болады.
«Бұның барлығы ең алдымен тұрғындардың мерекені ойдағыдай, еш келеңсіз оқиғасыз жақсы өткізу үшін жасалады»,-деді С. Әзірбек.