Жаңа жыл мерекесі күндері «Қазақстан» көрермендерді мерекелік бағдарламалармен және жаңа жобалармен қуантады (ВИДЕО РОЛИКТЕР)

АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жаңа жылдық кеште қазақ көрермені телеэкран алдына жайғаса отырып, біршама қызықтың куәсі болады.

Жаңа жыл мерекесі күндері «Қазақстан» көрермендерді мерекелік бағдарламалармен және жаңа жобалармен қуантады (ВИДЕО РОЛИКТЕР)

«Төрлет, құтты Жаңа жыл!» жаңа жылдық бағдарламасы еліміз үшін аса маңызды орын алған оқиғаларды қорытындылап, ең жаңа әндер мен үздік әзілдерді ұсынады.

Концерттік бағдарламаға Қазақстанның ең танымал сахна жұлдыздары Роза Рымбаева, Мәдина Сәдуақасова, «МузАрт», Жұбаныш Жексенұлы, «Орда» тобы сияқты өнер жұлдыздары қатысады. Сонымен қатар қазақстандықтарды жаңа жыл мерекесімен құттықтауға Түркітілдес тәуелсіз мемлекеттерден Фарух Закиров бастаған «Ялла» тобы, түрік әншісі «Ардем», қырғыз жұлдыздары Омар мен Әрсен арнайы шақырылды.

31 желтоқсан сағат 09.40-та «Жан жылуы». Бағдарлама кейіпкері Жаңа жылда қоныс тойын тойлайды.

31 желтоқсан сағат 17.10-да «Ұлт мақтаныштары - ұлттық арнада!» патриоттық-музыкалық бағдарлама.

31 желтоқсан сағат 21.05-те (қайталау 1 қаңтар сағат 09.45-те) «Айтуға оңай» ток-шоуының жаңа жылдық шығарылымы.

31 желтоқсан сағат 21.55 және 24.00-де «Төрлет, құтты Жаңа жыл!» (1-2 бөлім) мерекелік концерті.

2 қаңтар сағат 17.20-да «Жаңа жылдық думанды кеш».