Жаңа жыл түні Ақтауда 22 сәби дүниеге келді

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Жаңа жыл түні Ақтау қаласында 22 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат mangystaumedia.kz сілтеме жасап.

Жаңа жыл түні Ақтауда 22 сәби дүниеге келді

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлісметінше, сәбидің 12-сі облыстық перинаталдық орталықта, 10-ы Ақтау қалалық перзентханасында туған.

«Облыстық перинаталдық орталығында 12 бөбек дүниеге келді. 2018 жыл егіздің дүниеге келуімен жабылды. Ал 2019 жылы алғаш болып қыз бала дүниеге келді. Оның салмағы 2900 г, бойы 51 см», - деп мәлімдеді басқарманың баспасөз хатшысы Азамат Сәрсенбаев.

Ал 1 шағынаудандағы Ақтау қалалық перзентханасында жаңа жыл түні 10 сəби өмірге келді. Олардың 5-уі - қыз, 5-уі - ұл. Босанған ана мен балалардың жағдайы тұрақты. Медицина қызметкерлерінің жіті бақылауында.
Айта кетерлігі, жаңа жыл түні облыстық ауруханаға 69 адам көмекке жүгінген. Оның екеуі - петарданың жарылуынан зардап шеккен. Оларға көмек көрсетілген соң үйлеріне қайтарылған.