11:44, 03 Қаңтар 2009 | GMT +5
Жаңа жыл түні Алматыда төтенше жағдайсыз өтті
АЛМАТЫ. Қаңтардың 3-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -Жаңа жыл түні Алматыда біршама тыныш, төтенше жағдайсыз өтті.
![None None](/static/img/plug.webp)
Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Алматы қалалық азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын-алу және жою, жұмылдыру дайындығы департаментінің директоры Бауыржан Ысқақов айтты.
Оның айтуынша, Жаңа жыл түні пиротехникалық отшашуларды пайдалану қауіпсіздігін сақтамаудан 2 бала қолы мен бетін күйдіріп алған. Олар ауруханаға жеткізіліп медициналық көмек көрсетілген. «Жаңа жыл түні болған төтенше жағдайдың ірісі де, кішісі де осы», дейді Бауыржан Ысқақов.
Жаңа жылдың алғашқы түні Жетісу ауданында жылу құбыры жарылып, бірнеше тұрғын үй жылусыз қалған. Түнімен жүргізілген жөндеу жұмыстары аяқталып, тұрғындарға жылу берілген.
«Мереке күндерінің жалғасуына орай, азаматтарға түрлі тосын жағдайдардан абай болуды ескертеміз. Ал қалалық құтқару қызметі қандай жағдайда да көмек көрсетуге дайын», дейді Б.Ысқақов.