19:15, 05 Қаңтар 2009 | GMT +5
Жаңа жыл түні Beeline абоненттері 15 миллионнан астам СМС хабарлама жіберді
АЛМАТЫ. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -Жаңа жыл түні еліміздегі жетекші байланыс операторы Beeline-ның тұтынушылары 15 миллионнан астам СМС хабарлама жіберген,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Кар-Тел» ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұған дейін байланыс операторы Жаңа жыл түні СМС хабарлама жіберушілер саны артатынын жорамалдап, СМС орталықты жетілдіріп жатқанын хабарлаған болатын.
«Техникалық мүмкіндікті жетілдіру арқасында құттықтау жіберушілердің хаттары кедергісіз жүзеге асып отырды», дейді «Кар-Тел»ЖШС техникалық директоры Тұңғышбек Батталханов.Оның айтуынша, тұтынушылар 15,7 миллион СМС хабарлама жіберумен қатар, 31,5 миллион қоңырау шалған. Тұңғышбек Батталхановтың айтуынша, СМС хабарлама жіберу өткен жылғыдан 2,3 миллионға аз болған. Өткен жылғы Жаңа жыл түнінде 18 миллион СМС хабарлама жіберіліп, 37,5 миллион қоңырау шалыныпты.