18:26, 01 Қаңтар 2016 | GMT +5
Жаңа жыл түні елордада 30 нәресте дүниеге келді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа жыл түні елорда перзентханаларында 30 нәресте дүниеге келген, деп хабарлады 24.kz телеарнасы.

Бұл - түнгі 12:00-ден таңғы 10:00-ге дейінгі көрсеткіш. Дәрігерлердің айтуынша, барлық ана мен баланың денсаулығы өте жақсы. Естеріңізге сала кетсек, осыдан тура бір жыл бұрын, 31 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығында 68 бүлдіршін жарық дүние есігін ашқан болатын.
«Қалада қазір үш перинеталдық орталық жұмыс істеп жатыр. Соның ішінде бірінші қалалық перинеталдық орталықта 18 ана босанды. Оның ішінде 10 ұл бала, 8-і қыз бала», - деді №1 Перинеталдық орталықтың меңгерушісі Ербол Әубәкіров.