Жаңа Жыл түні Францияда 1 мыңнан астам машина өртелді

МӘСКЕУ. Қаңтардың 2-сі. ҚазАқпарат – Жаңа Жыл түні бұзықтар Парижде 1 мыңнан астам машинаны өртеді. «Көңіл көтерудің» өзінше осындай түрі Францияда дәстүрге айналды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Франция ішкі істер министрлігі таратқан ақпаратқа қарағанда, биыл 1 мың 147 машина өртелген, өткен жылы мұндай оқиға 878 болған еді. Сондай-ақ бұл жолы тұтқынға алынғандар да көбейіп, 288 адамға жетті, өткен жылы бұл цифр 259 болатын.Естеріңізге сала кетейік, 2005 жылы басталған бұл жанжал Париждың маңындағы полицейлер ізіне түскен екі жасөспірімді қуалаудан басталған еді. Олардан қашқан жасөспірімдер транформатор күркешесіне тығылып, тоққа соғылып қаза болған еді. Бұл оқиға жаппай өртеуге себепші болды. Тәртіпсіздіктер Париждің солтүстік шетіндегі кедей орамдарда басталып, басқа қалаларда жалғасты.
Соңғы жаңалықтар