Жаңа жыл түнінде Астанада 20 сәби дүние есігін ашты

АСТАНА. 1 қаңтар. ҚазАқпарат - Астанада Жаңа жыл мерекесі түнінде дүниеге 20 нәресте келді.

Жаңа жыл түнінде Астанада 20 сәби дүние есігін ашты

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне елорданың перзентханаларынан мәлім етті.

Астананың перинаталдық орталығында бұл түні үш шақалақ өмірге келді: үш ұл және екі қыз. Бұл ретте, перзентхананың акушері барлық бөлімшелер босанушы әйелдерге лық толы екендігін мәлім етті. «Бізде бэби-бум, перзентхана толық», - деді ол.

Астананың №1 қалалық перзентханасында бес нәресте дүниеге келді: үш қыз және екі ұл. Ал Астананың №3 перзентханасында сегіз бала өмірге келді: бес ұл және үш қыз.

Сондай-ақ «Ана мен бала ұлттық ғылым орталығы» АҚ-да бір ұл бала мен бір қыздың аналары босанды.