Жаңа жыл түнінде Аяз ата мен Ақшақар қазақстандық пойыздардың жолаушыларын Жаңа жылмен құттықтайды
АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - Жаңа жыл түнінде Аяз ата мен Ақшақар қазақстандық пойыздардың жолаушыларын Жаңа жылмен құттықтайды, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.
2010 жылғы 29-31 желтоқсан аралығында Астана, Қарағанды, Павлодар, Алматы-1, Алматы-2, Шымкент, Ақтөбе, Атырау және Орал стансыларының темір жол вокзалдарының жолаушыларын Аяз ата мен Ақшақар құттықтап, әр түрлі мерекелік іс-шаралар өткізілмек.
Жаңа жылды жолда қарсы алатын жолаушыларға да құттықтаулар ұйымдастырылады.