Жаңа жыл түнінде елорда жолдарында ешқандай төтенше оқиға орын алған жоқ
АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жаңа жыл түнінде елорда жолдарында ешқандай төтенше оқиға орын алған жоқ. Бұл ақпаратты Астана қалалық ІІД Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі таратып отыр.
Мереке күндері жол полициясы қызметкерлері жоғары дайындық режімінде жұмыс істеді. Ерекше төтенше оқиғалар Жаңа жыл түнінде де, одан кейінгі күндерде де орын алған жоқ. 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні қалада адамдар зардап шеккен немесе мас жүргізушінің қатысуымен орын алған бірде-бір жол-көлік оқиғасы тіркелмеді.
2011 жылдың 1-4 қаңтары аралығында 5 адам жарақат алған 3 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Толықтай алғанда осы күндері жол полициясы қызметкерлері мыңнан астам жол ережесі бұзылғандығын анықтады. Оның ішінде 56 мас жүргізуші ұсталып, 67 жылдамдықты асыру, 7 қарсы жолға шығу фактісі анықталса, 50 көлік айып тұрағына қойылды.