Жаңа жыл түнінде елордада 65 бала дүниеге келді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 31 желтоқсан күні түнде елордада 65 бала дүниеге келді.
Бұл жайында ҚазАқпарат қалалық Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.
«31 желтоқсанда қаладағы 3 перзентханада 65 бала, оның ішінде 30 ұл мен 35 қыз бала дүниеге келді», - деп мәлім етті Денсаулық сақтау басқармасынан.
Еске салайық, өткен жылы елордада бұл күні 30 нәресте дүние есігін ашқан болатын.
2016 жылдың 15 желтоқсанында өткен Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2050 жылға қарай Астана Еуразиялық мегаполиске айналатындығын және оның тұрғындарының саны 3 млн.-нан асатындығын атап өтті.