Жаңа жылда астаналықтардың жарақат алу көрсеткіші азайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа жыл мерекесінде 160 адам түрлі жарақатпен астаналық травматологиялық пунктке түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«31 желтоқсан күні бізге түрлі жарақатпен 75 адам келді, көшеде 43 адам жарақат алған, оның біреуі ғана қылмыстық оқиға еді. 1 қаңтар күні бізге 85 адам жүгінді, оның 54-і - көше жарақаты", - деді қалалық РТОҒЗИ травматологиялық пунктінің меңгерушісі міндетін атқарушы Ертісбай Молдагелдинов.
Меңгерушінің айтуынша, бұл сандар жаңа жыл мерекесі үшін едәуір төмен.
«Жарақат алғандар өте аз болды, əдеттегідей емес. Негізінен адамдар мұз айдынында жарақаттанған», - деп өз сөзін түйіндеді Е.Молдагелдинов.