Жаңа жылда ҚР солтүстігінде 32º-қа дейін аяз болады, оңтүстікте - көктайғақ, жылбысқы қар жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа жылда күрделі метеорологиялық жағдай күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК 31 желтоқсан мен 2016 жылғы 2 қаңтар аралығына берген болжамында.
None
None

Каспий оңтүстігінде қалыптасқан циклон Қазақстан аумағы арқылы солтүстік-шығыс бағытқа араласады, соған орай республиканың барлық өңірінде боран соғып, қар жауады деп күтілуде. Желдің күші 18-28 м/с-қа жетеді, жолдарды қар басады.

Оңтүстікте жауын-шашын, жылбысқы қар жауады, тұман түсіп, көктайғақ, желдің күші 15-25 м/с-қа жетеді.

Сонымен қатар Ресейдің Еуропа бөлігінің солтүстігінде қалыптасқан суық антициклон Батыс Сібірге ауысады. Оның ықпалы Қазақстанның солтүстік облыстарына таралады, соның салдарынан түнде температура 23-32º дейін төмендейді.

Соңғы жаңалықтар