Жаңа жылда Ыстамбұл көшелерінде Аяз Ата болып киінген полицейлер шығады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа жылдда Түркияның экономикалық ауданы - Ыстамбұлда қауіпсіздікті түрік Аяз атасының «туысы» Ноэль Баба болып киген полицейлер қамтамасыз етеді.
None
None

«Хюрриет» газетінің хабарлауынша, 5 мыңға тарта осылайша киінген полицейлер алдағы түнде адамдар көптеп жиналатын жерлерде, әсіресе, Истикляль даңғылында, Таксим алаңында тәртіпті бақылайды. Басқа полицейлер киім тазалаушы және көше сатушылары сияқты киінеді.

Ыстамбұлдағы қауіпсіздікті 15 мың полицей қадағалайды. Оған қоса, патрульдік машиналар, бейнекамералар көмекке келеді. Қажет болған жағдайда қауіпті деп саналатын орамдарды да полицейлер жасағы торуылдайды.

Түркия билігі кеше Анкарада қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері екі жаңкешті-лаңкестікке күдіктілер ұсталғаннан кейін алаңдаулы, олар жаңа жыл түнінде жарылыс жасамақ болған. Тергеу орындарының ақпаратынша, олар Түркияға Сириядан келген және Анкарада лаңкестік акті жасауға қолайлы жер іздеген. Алдын ала пайымдауларға қарағанда олар Анкараның орталығындағы Қызылай алаңында өздерін жарып жібермек болған, деп жазады ТАСС.

Соңғы жаңалықтар