Жаңа жылдан бастап Еуроодаққа төрағалық ету Испанияға көшті

Лиссабон келісімі күшіне енуімен байланысты институционалдық жаңа енгізулер орын алды, атап айтқанда, Еуроодақ президенті және сыртқы істер министрі сайланды. Енді президент Херман ван Ромпей саммиттерді басқаратын болады, ал төраға-ел (алты ай бойы - Испания) ЕО министрлер кеңесі отырыстарына басшылық етеді.
Мұның алдында Еуропалық парламент төрағасы Ежи Бузек испан үкіметіне табыстар тілеген құттықтауын жолдады. «Испания Еуропалық одақ үшін маңызды кезде төрағалық ететін болады, оның төрағалығы жаңа Шарттың күшіне енуі сәтіне орайлас келіп отыр. Мен Хосе Луис Родригес Салатероға және оның үкіметіне осы маңызды миссиясын орындауда зор табыстар тілеймін», - деді ол.
Еуроодақ базалық шартына сәйкес Испания Еуроодақ институттары мен мүше-мемлекеттер арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа моделін жасауы тиіс екені атап өтілді.